ӘЛЕУМЕТТІК РӨЛ

lat: ÁLEÝMETTİK RÓL

жеке адамның әлеуметтік мәртебесіне қатысты мүмкін болатын жалпыға тән стандарттар комплексі. Жеке адамдар бір-біріне қатысты әр алуан мәртебелік әлеуметтік рөл (жұмыс беруші-жұмысшы, әке-бала, сатушы сатып алушы, бастық-қызметкер т.б.), сондай-ақ жағдаятты (ситуациялық) әлеуметтік рөл (қонақ-үй егесі, клуб президенті-клуб мүшесі т.б.) атқаруы мүмкін.